Үндістанда қонақүйдегі өрттен 14 адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Үндістанның шығысындағы Батыс Бенгалия штатындағы Ритураж қонақүйіндегі қонақүйде болған өрттен кем дегенде 14 адам, оның ішінде екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform ВВС-ге сілтеме жасап.

Үндістанда қонақүйдегі өрттен 14 адам қаза тапты
Фото: bbc.com

Сондай-ақ сейсенбіге қараған түні Калькуттада қаласында болған өрттен екі адам ауыр жарақат алды. Тілсіз жау толығымен ауыздықталды, бірақ құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Өрттің шығу себебі белгісіз. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы тергеу тобын құрды. 

Қонақүй қонақтары ғимараттың төбесіне жүгіріп шығып, көмекке белгі беру үшін телефондарындағы шамдарды пайдаланған. Бейнежазбада адамдардың өрттен құтылу үшін қонақүй бөлмелерінің сыртқы жағындағы бағандарға шығып жатқанын көруге болады. 

– Өрт сөндірушілер құтқару жұмыстарына гидравликалық баспалдақтарды пайдалануда, деп жазады Indian Express.

Полицияның мәліметінше, құрбан болғандардың көпшілігі – қонақүйдегі демалушылар. Олар өрт кезінде бөлмелерінен қашып шыға алмай қалған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайдың Ляоян қаласындағы өрттен 22 адам қаза болғанын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар