Үндістанда парламенттік сайлау өтеді

Үндістанда парламенттік сайлау өтеді
Фото: pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – Үндістандағы парламенттік сайлау 19 сәуір мен 1 маусым аралығында жеті кезең бойынша өтеді. Бұл туралы елдің сайлау комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі. 

Сайлау комиссиясының басшысы Раджиев Кумар баспасөз мәслихатында сайлау кестесін жариялады.

Оның айтуынша, дауыстарды санау 4 маусымда өтеді.

Дауыс беруге шамамен 970 млн сайлаушы қатысады деп жоспарланған. Ел бойынша 1 млн-нан астам сайлау учаскелері ашылады.

Алдағы сайлауда қазіргі премьер-министр және Бхаратия джаната партиясының жетекшісі (БДП, Үндістан халық партиясы) қатарынан үшінші рет премьер-министр болуды көздеп отыр. Онымен Үндістан ұлттық конгресі партиясы басқаратын І.N.D.I.A оппозициялық альянсы (Indian National Developmental Inclusive Alliance – «Үнді ұлттық инклюзивті даму альянсы») бәсекелеседі.

Соңғы жаңалықтар