Үндістанда шағын автобус жүк көлігімен соқтығысып, 26 адам көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM — Үндістанның Ассам штатында шағын автобус контейнер тасыған жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатынан 26 адам қаза тапты. Олардың арасында колледж студенттері де бар, деп хабарлайды Синьхуа.

Үндістанда шағын автобус жүк көлігімен соқтығысып, 26 адам көз жұмды
Фото: Синьхуа

Жол апаты Голагхат ауданында, Казиранга ұлттық паркінің маңында болған. Нагаон қаласына қарай бет алған шағын автобус қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан.

Қатты соққыдан шағын автобус қатты майысып, бірнеше жолаушы салон ішінде қысылып қалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, шағын автобуста 35-тен астам адам болған. Зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр. Сондықтан қаза тапқандар саны артуы мүмкін.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты.