Үндістандағы ірі жол апатынан 14 адам қаза тапты
Сәрсенбі күні Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында болған жол апатынан 27 адам зардап шекті. Ақпаратты Синьхуа агенттігімен телефон арқылы сөйлескен жергілікті полиция қызметкері растады, деп хабарлайды Kazinform.
Жол-көлік оқиғасы Ассам штатының Голагхат ауданында тіркелді. Автобус көмір тиелген жүк көлігімен соқтығысқан.
Көліктің ішінде 45-ке жуық адам болған.
«Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді. Олардың кейбірінің жағдайы ауыр. Сондай-ақ қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін», - деді полиция қызметкері.