Үндістандағы турнирде «Жетісу» волейбол клубы топтық бәсекені жеңіспен түйіндеді
АСТАНА. KAZINFORM — Үндістанның Бхубанешвар қаласында CAVA Men’s Volleyball League 2026 турнирінің топтық бәсекелері аяқталды.
Қазақстан чемпионы «Жетісу» волейбол клубы соңғы матчында үндістандық «Бенгалуру Торпедос» командасымен алаңға шықты.
Бәсеке 3:0 (25:11, 25:16, 25:19) есебімен Марат Адрышев шәкірттерінің айқын жеңісімен аяқталды.
Бұған дейін талдықорғандықтар жергілікті Индии «Телугу Блэк Хокс», «Мумбаи Метеорс» командаларын жеңіп, ирандық «Фулад Сирджан» клубына 0:3 (23:25, 17:25, 10:25) есебімен есе жіберген еді.
Қазақстандықтар сенбі күні тағы да «Бенгалуру Торпедос» командасымен финалдың жолдамасын сарапқа салады.
Жексенбі, 22 қарашада қола және алтын медаль үшін матчтар жоспарланған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жетісу» волейбол клубының Үндістандағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған едік.
Сондай-ақ қазақстандық төреші волейболдан әлем чемпионатында қазылық етеді.