Үндістандағы ұшақ апаты: зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ

АСТАНА. KAZINFORM – Air India әуе компаниясының бүгін Мегхани ауданындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған ұшағы бортында болған қазақстандықтар туралы әзірге ақпарат жоқ, деп жазды Kazinform тілшісі.

Үндістандағы ұшақ апаты: зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ
Фото: Reuters

– Қазақстанның Нью-Делидегі елшілігі Үндістанның құзырлы органдарымен байланыста. Air India ұшағының апатынан қаза тапқан немесе зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ, – деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Бұған дейін Air India компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны туралы хабарланған болатын. Ұшақта 240-тан астам адам болған.

— Ахмедабад қаласынан сағат 13:38-де ұшып шыққан рейсте Boeing 787-8 ұшағының бортында 242 жолаушы мен экипаж мүшесі болған. Олардың ішінде:

• 169 Үндістан азаматы
53 Ұлыбритания азаматы
1 Канада азаматы
7 Португалия азаматы бар, — деп мәлімдеді Air India әуе компаниясы әлеуметтік желідегі X парақшасында.

Соңғы жаңалықтар