Үндістанның солтүстігінде қасқырлар балаларға шабуылдап жүр

На севере Индии стая волков-людоедов совершила десятки нападений
кадр видеодан алынды

АСТАНА. KAZINFORM – Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында түнде қант құрағы қамысынан шығып жүрген адам жейтін қасқырлар тобы балаларға шабуыл жасайда, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Орман шаруашылығы өкілдерінің мәлімдеуінше, кем дегенде 10 бала қаза тапты.

Мамандардың пікірінше, адамдар мен жабайы жануарлар арасындағы қақтығыс климаттық дағдарыс пен жабайы табиғаттың жойылуына байланысты өршіп кетті. Толассыз жауған жауын салдарынан жергілікті Гхаггар өзені арнасынан асты. Жыртқыштар әдеттегі мекендеу орындарын тастап кетуге мәжбүр болды. Олар кәдімгі олжасынан айырылып, оны адам қоныстарынан іздеуге шыққан.

Жағдайды жергілікті тұрғындардың өздерін шабуылдан қорғай алмаулары қиындатып отыр – олар жыртқыштар оңай кіретін төбесі сабан жабылған есіксіз үйлерде түнеп жүр.

Үндістанның өсіп келе жатқан халқы жабайы табиғатқа көбірек қол сұғуда және адам мен жануар арасындағы қақтығыс ықтималдығы артып келеді, деп хабарлайды The Independent.

Соңғы жаңалықтар
telegram