Үндістанның солтүстігіндегі Гималай тауының етегінде Ресейдің екі тұрғынының денесі табылды
Үндістанның солтүстігіндегі (Химачал-Прадеш штаты) Маникаран елді мекені ауданында Парвати өзенінің жағасында екі Ресей тұрғынының денесі табылды. Бұл туралы Kazinform ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Ер және әйел адамның денесі ыстық су көзі жанынан табылды. Олардың денесінде жарақат бар, алайда олар адам өміріне қауіп төнідрерліктей емес», - деді агенттіктің дереккөзі.
«Әзірге полиция бұдан қылмыс белгісін көріп тұрған жоқ, тергеу жүріп жатыр»,-деп хабарлады құқық қорғау органының қызметкерлері.
Ресейліктер тұрған қонақүйден хат табылды.
«Ол ағылшын тілінде жазылған және онда жеке заттарды Ресей елшілігі мен туыстарына беру туралы өтініш жасаған»,-деп мәлімдеді полиция.
Ресейліктердің денесі жатқан жерден ссондай-ақ ұстара, ұялы телфон, шырақ пен өзге де заттар табылған. Мәйіттер Куллу округіндегі ауруханаға жіберілді.