UNICEF алаңында 16 жас буллингті қалай жеңгенін әңгімелеп берді

буллинг
Фото: UNICEF

Қазақстан астанасында public talk форматында ұйымдастырылған UNICEF Talks жастар конференциясы өтті. Жастарға арналған және жастар үшін өткізілетін жыл сайынғы іс-шараның ұраны «Jastar Üni» болды. Мақсат — балалар мен жастарға олар өз мүддесі мен құқықтарына қатысты бүкіл мәселе бойынша еркін пікір білдіре алатын ашық алаң ұсыну, деп хабарлайды ҚазАқпарат

 «UNICEF-те біз жастар үніне сенеміз және бұл үнді баршаға жеткізуге ұмтыламыз. UNICEF балалардың бүкіл құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін Қазақстанда отыз жылға жуық жұмыс істеп келеді. Білім алу, денсаулық сақтау, сүйіспеншілікке толы отбасында өмір сүру сияқты бәрімізге таныс құқықтардың ішінде көпшілік біле бермейтін құқық бар, ол — балалардың өздеріне қатысты барлық мәселе бойынша көзқарасын еркін білдіру құқығы. Осында, UNICEF Talks алаңында — бұл құқық шындыққа айналады», — дейді UNICEF Қазақстан Республикасындағы өкілінің м. а. Летисия Баззи-Вейл. 

UNICEF-тің Қазақстандағы ұлттық ізгі ниет елшілері — Ninety One тобы осы іс-шараның хедлайнері болды. Олар өздерінің жеке басынан өткен оқиғаларды және буллинг проблемасымен күресу тәжірибесін бөлісіп, бұл қиыншылықты қалай жеңуге болатынын айтты.

«Біз буллингке кезігу және оған қарсы тұру қаншалықты ауыр және күйзелісті екенін өз тәжірибемізден білеміз. Жас кезде қудалаумен еш қолдаусыз күресу өте қиын болуы мүмкін. Сондықтан UNICEF Talks-қа қатысу және жас спикерлерге қолдау көрсету біз үшін маңызды болды. Көбі көпшілік алдына алғаш рет шығып отыр және өз тәжірибесін бөлісуге жасқанған жоқ. Олардың әңгімелері мен өмір тәжірибесі басқа жастарға осындай қиындықтарды жеңуде көмек болатынына сенімдімін. Сонымен қатар Қазақстандағы әр баланың бақытты болашағы мен тең мүмкіндіктері қамтамасыз етілуі үшін жағдайды жақсы жаққа өзгерте алатын үлкендерге жастар үні жететіне сенемін», — деп атап өтті Ninety One тобының әншісі Zaq.

Ninety One-мен бірге конференцияда Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі мектептер мен университеттерден келген 11-23 жас аралығындағы он алты спикер сөз сөйледі.

Олардың жігерлендіретін әңгімелері мен өзекті проблемаларды жеңу тәжірибесі бүкіл қатысушылар үшін құнды мотивация көзіне айналды.

Іс-шараға 200-ден аса қатысушы жиналды, олардың арасында орталық мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпус, медиа және жалпы жұртшылық өкілдері болды.

Соңғы жаңалықтар