Универсиада-2013: Қазақстан бес күннің қорытындысы бойынша 11-ші сатыға сырғыды

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Қазан қаласында өтіп жатқан Универсиаданың 5-ші күні жерлестеріміз 2 күміс медаль иеленді.
None
None

Бұл туралы Sports.kz жазып отыр.

56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде былғары қолғап шебері Рустам Рустамов ақтық сында ресейлік Сергей Водопьяновқа 1:2 есебімен ұтылды. Ал Жан Кособуцкий (+91) шаршы алаңда ресейлік Магомед Омаровпен кездесіп, 0:3 есебімен есе жіберді.

Жеңіл атлеттер арасында 20 шақырымға жүру бойынша ақтық сында Айман Қожахметова 8 орынға тұрақтады. Виктор Кочерин тіреліп секіруде 6-шы сатыға жайғасты. 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ауыр атлет Кирилл Павлов 4-ші болса, әйелдер арасында Гүлнәз Наурызова (69 келі) 6-шы орынды иеленген.

Медальдар саны бойынша:

1. Рессей - 115 (62,26,27);
2. Жапония - 31 (7,11.13);
3. Кытай Халық Республикасы - 21 (7,10,4);

Қазақстан - 13 (2,6,5).

Еліміздің Қазандағы Универсиададағы (6-17 шілде) медальдары:

Алтын (2): Маргарита Мұқашева (жеңіл атлетика), Фархад Харки (ауыр атлетика);

Күміс (6): Рустам Рустамов, Жан Кособуцкий (бокс), Карина Горичева (ауыр атлетика), Димаш Молдашев, Эскархан Осканов (белбеумен күрес), Рустам Кұрбанов (семсерлесу);

Күміс (5): Ержан Жомарт, Нұрдәулет Жарманов (бокс), Евгений Эктов (жеңіл атлетика), Аян Ермекбаев, Гүлнұр Ерболова (белбеумен күрес).

Соңғы жаңалықтар