Универсиада-2013: Қазақстан жетінші күннің қорытындысы бойынша 14-ші орында қалды
Бұл туралы Sports.kz жазып отыр.
Жалпы есепте 375 келіні (168+207) бағындырған ауыр атлет Александр Зайчиков 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде студенттік Ойындардың жаңа рекордын орнатқан ресейлік Александр Ивановқа (395 (181+214) есе жіберді.
Еркін күрес бойынша 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін тартыста жерлесіміз Әлихан Жұмабаев түркиялық Мұстафа Өздемирді тізе бүктіріп, қола медальға лайық екендігін танытты.
Зілтеміршілер арасында 6-шы орыннан көрінген Сергей Истомин (105 келі) және Ибрагим Берсановты (+105) атап өтуге болады.
Медальдар саны бойынша:
1. Ресей - 169 (88,44,37);
2. Жапония - 48 (13,17,18);
3. Қытай Халық Республикасы - 41 (17,13,11);
....
14. Қазақстан - 18 (2,7,9).
Қазақстанның Қазан Универсиадасындағы (6-17 шілде) медальдары:
Алтын (2): Маргарита Мұқашева (жеңіл атлетика), Фархад Харки (ауыр атлетика);
Күміс (7): Рустам Рустамов, Жан Кособуцкий (бокс), Александр Зайчиков, Карина Горичева (ауыр атлетика), Димаш Молдашев, Эскархан Осканов (белбеумен күрес), Рустам Кұрбанов (семсерлесу);
Қола (9): Қазақстан (Руслан Кұрбанов, Дмитрий Алексанин, Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Грязнов) (семсерлесу), Әлихан Жұмабаев, Бердах Пірімбаев (күрес), Ержан Жомарт, Нұрдәулет Жарманов (бокс),Никита Филиппов, Евгений Эктов (жеңіл атлетика), Аян Ермекбаев, Гүлнұр Ерболова (белбеумен күрес).