10:12, 09 Шілде 2013 | GMT +5
«Универсиада-2013»: Қазақстандық семсерші Руслан Құрбанов күміс медаль жеңіп алды
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық семсерші Руслан Құрбанов Қазан қаласындағы Универсиадада жеке біріншілікте екінші сатыдан көрінді.
Бұл туралы Vesti.kz жазып отыр.
«Алтын» үшін болған соңғы кездесуде жерлесіміз қытайлық қарсыласы Дон Чаоға есе жіберді.
Р. Құрбанов бірінші айналымда 15:13 есебімен португалдық Жоао Кордейроны тізе бүктірсе, одан кейін 15:14 есебімен 3 бірдей қарсыласын қапы қалдырды. Ал жарыстың 1/4 кезеңінде отандасымыз ресейлік Сергей Ходосты сүріндірсе, голландиялық Тристан Туленді жеңіп, финалға шықты.