Универсиада-2017 дирекциясы демеушілердің арқасында 1 млрд теңге үнемдемек
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Универсиада 2017 дирекциясы 1 млрд теңге үнемдемек. Бұл туралы 2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясының жетекшісі Наиль Нуров мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз демеушілермен арадағы келісімшарттар есебінен 1 млрд теңге үнемдемекпіз», - деді Наиль Нуров.
Дирекция жетекшісі Универсиадаға қолдау, демеу көрсетемін дегендердің барлығы үшін серіктесуге әзір екенін жеткізді. Сонымен қатар, ол мемлекет тарапынан да қаржыландыру жеткілікті екенін айта кетті.
Осы мақсатта Универсиада дирекциясы «Технодом» компаниясымен арада демеушілік келісім жасасты. Келісім негізінде Технодом 500 техника беруге келісті.
Оның ішінде, 60 ноутбук, ксерокөшірме және өзгеде техникалық жарақтар бар. Универсиада біткеннен соң аталған техникалар қаладағы спорт мектептерінен тегін үлестіріледі.
Наиль Нуров шетелдік, қазақстандық компанияларды ынтымақтастыққа шақырды. Универсиаданың маркетингтік мүмкіншіліктері серіктестерін 12 жарыс күні ішінде 1 млрд астам телекөрермен аудиториясына көрсетуге келісті.
Айта кетейік, Алматыда қысқы дүниежүзілік универсиада 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Сайысқа 55 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысады. Жарыстар 8 нысанда 12 спорт түрінен өтеді. Барлығы 543 медаль ойнатылады. Универсиаданы әлемнің 100 елі тамашалайды.