Универсиада-2017: Қазақстан қоржынында 27 медаль бар

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада Қазақстан құрамасы медальдар саны бойынша екінші орында келеді, қазіргі уақытта спортшыларымыздың қоржынында 27 медаль,  оның ішінде, 10 алтын, 6 күміс, 11 қола бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Универсиада-2017: Қазақстан қоржынында 27 медаль бар

Бүгін 26-шы және 27-ші медальді қазақстандық шорт-трекшілер Денис Никиша мен Абзал Әжғалиев салды. Ол туралы ҚазАқпарат хабарлады .

Ертең, 7 ақпан күні, сноуборд пен фристайл, шорт-трек, керлингтен ақтық сынға шыққан спортшылар сайысса, биатлон мен шаңғы жарысынан жаппай старт болады.