19:05, 29 Тамыз 2017 | GMT +5
Универсиада-2017: Қазақстан құрамасы Ушудан екі медаль жеңіп алды
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдың Тайбэй қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Ушу-санда спортынан Қазақстан ерлер құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

28 тамыз күнгі ширек финалдық бәсекеде 80 кг салмақта өнер көрсететін отандасымыз Бағдат Кенжетаев 0:2 есебімен қытайлық Ли Шэннанға жол беріп, қола жүлдегер атанған болатын. Ал 70 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық атлет Руслан Либиров жартылай финалда индиялық қарсыласын жеңіп, финалға жолдама алған.
Бүгінгі финалда Руслан ирандық спортшы Джафарға есе жіберіп (0:2), Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.