Универсиада-2017: Қазақстандық биатлоншылар күміс және қола жүлдеге ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда қысқы Универсиадада төрт атыс шебінен тұратын ерлер арасындағы биатлондық масс-старт ойыны өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Бұл сайыста француз Батист Жути жеңіске жетсе, одан кейінгі орындарды қазақстандық Роман Еремин мен Антон Пантов иеленді.
Қысқы Универсиада-2017. Алматы (Қазақстан).
Биатлон. Ерлер арасы. Масс-старт. 15 шақырым. Төрт атыс шебі
1. Батист Жути (Франция) - 43:30.0 (0+1+0+1)
2. Роман Еремин (Қазақстан) - +13.5 (1+2+0+2)
3. Антон Пантов (Қазақстан) - +27.7 (1+0+0+1)
6. Василий Подкорытов (Қазақстан) - +1:28.8 (2+1+0+0)
13. Тимур Куц (Қазақстан) - +2:47.2 (1+1+0+0)
17. Владислав Витенко (Қазақстан) - +3:40.6 (2+2+2+1)
25. Тимур Хамитгатин (Қазақстан) - +10:12.1 (5+1+1+1).