Универсиада-2017 нысандарының атаулары белгілі болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Универсиада-2017 нысандарына берілген атаулар мақұлданды. Бұл туралы бүгін 12 мың орынды Мұз сарайында өткен 28-ші қысқы Универсиаданы дайындау және өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысында белгілі болды.
Отырысқа Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева және ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қатысты.
«12 мың орынды Мұз сарайына - «Алматы арена», 3 мың орынды Мұз аренасына - «Халық арена» атауы берілді», - деді өз сөзінде Универсиада-2017 ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының жетекшісі Наиль Нұров.
Айта кетелік, 12 мың орынды Мұз сарайы және Атлетикалық қалашық - 94 пайызға дайын және қыркүйек айына қарай жабдықтау жұмыстары толығымен аяқталады. Медеу ауданында орналасқан 3 мың орынды Мұз аренасы - 90 пайызға дайын.