Универсиада-2017: Пухкало шаңғы жарысында жүлдеге іліге алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарында 10 шақырымдық шаңғы жарысына шыққан жерлесіміз Виталий Пухкало 5-орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Универсиада-2017: Пухкало шаңғы жарысында жүлдеге іліге алмады

Бұл жарыстың алтын медалі ресейлік Валерий Контарға бұйырды. Ал екінші және үшінші орындарды сәйкесінше тағы бір ресейлік Дмитрий Ростовцев пен франциялық Александр Пуйе (Pouye) жеңіп алды.  Ал Қазақстан  атынан жарыс жолына шыққан Виталий Пухкало 4-орынға табан тіреді.

Айта кетерлігі, Пухкалодан бөлек жарыс жолына тағы да 6 спортшымыз шыққан болатын. Олардың нәтижелері мынадай: Александр Малышев - 8, Олжас Климин -9, Сергей Малышев - 14, және Иван Люфт 23-орын.