Универсиада-2019: Әсет Дүйсенов «күміс» алатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Красноярск қаласында өтіп жатқан ХХІХ қысқы дүниежүзілік универсиадада қазақстандық шаңғышы Әсет Дүйсенов спринт жарысында күміс жүлде алатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Универсиада-2019: Әсет Дүйсенов «күміс» алатын болды

Универсиаданың ресми сайты хабарлағандай, еркін әдіспен спринт жарысында алтын жүлде алған ресейлік шаңғышы Иван Якимушкин ереже бұзған деп танылды.

Сол себепті алтын жүлде оның отандасы Александр Терентьевке берілді. Ал қазақстандық Әсет Дүйсеновтің еншісінде - күміс медаль. Тағы бір ресейлік Андрей Собакаревке қола жүлде бұйырды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан қоржынына екінші медаль түскенін жазған болатынбыз.