Универсиада-2019: Қазақстан алғашқы жүлдеге ие болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан Универсиада ойындарында Қазақстан командасы алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, команда мүшесі Сәрсенкүл Рысбекова стенд атудан қола жүлдегер атанды. Ол «трап» бойынша сынға түсіп, жүлделі үшінші орынға табан тіреді. Стенд атушылар бәсекесінде бірінші орынды тайпейлік Ван Ю Лю, екінші орынды италиялық Фиаметта Росси иеленді.