Универсиада: Қазақстан хоккей құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарында Қазақстанның хоккейден ерлер командасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстан құрамасының қарсыласы - Швеция, ол топтық кезеңде үшінші орын алған командалар ішінде екінші тұр. Ойын 5 ақпан күні «Халық Арена» сарайында өтеді. Матч Астана уақытымен 19:30-да басталады.
Қазақстан құрамасы үш қарсыласын айқын жеңіп (Қытайды - 22:0, Швецияны - 5:0 және Чехияны - 8:0), А тобында үздік шықты.
Қалған ширекфиналдық ойындарда Ресей Жапониямен, Канада Латвиямен және Чехия Словакиямен ойнайды.
Қазақстан-Швеция матчының жеңімпазы Чехия-Словакия кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.