УНИВЕРСИАДА: Қазақстан қоржынына алтыншы алтын түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан Универсиада ойындарында қазақстандық спортшылар 6-шы алтын медальға қол жеткізді.
Бұл туралы Спорт.кз хабарлады.
Жеңілатлетші қыздар арасындағы спринтерлік эстафетада (4×100) жерлестеріміз қарсылас шақ келтірмеді. Құрамында Виктория Зябкина, Светлана Иванчукова, Юлия Рахманова, Анастасия Тулапина бар біздің команда - бірінші, америкалықтар - екінші, таиландтықтар үшінші орын алды.
Айта кетейік, кеше сырықпен секіруден Никита Филлипов 5 метр 50 см биіктікті бағындырып, құрама қоржынына 5-алтынды салған болатын.