Универсиада: қазақстандық спортшы Давид Ефремов кедергілермен жүгіруден 5-ші орын алды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қазақстандық жеңіл атлет Давид Ефремов Қытайдың Ченду қаласында өтіп жатқан XXXI Дүниежүзілік жазғы Универсиадада 110 метр қашықтыққа кедергілермен жүгіруден финалда 5-ші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Универсиада: қазақстандық спортшы Давид Ефремов кедергілермен жүгіруден 5-ші орын алды

Давид Ефремов екінші жолақпен жүгірді. Ерлер арасында кедергілермен жүгіру спринтінің қорытындысы бойынша, қазақстандық спортшы 13,63 секунд нәтижесін көрсетіп, 5-ші орынға тұрақтады. Ефремовпен бір уақытта, яғни 13,63 секундта словениялық спортшы да келді.

Қола жүлдені польшалық спортшы Клижан Кшиштоф (13,55) жеңіп алды. Күміс жүлдеге КХР-ның өкілі Нин Сяохань (13,44) қол жеткізді. Ал жапониялық Тойода Кен (13,40) жеңімпаз атанды.

Чэндудегі Универсиада 28 шілдеден бері өтіп жатыр және ол 8-тамызға дейін жалғасады. Қазақстан атынан онда 11 спорт түрі бойынша 93 атлет өнер көрсетіп жатыр.

Руслан Сүлейменов