Универсиада: Винтовкадан ату сынында қазақстандықтар командалық есепте «қолаға» қол жеткізді
АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан спортшылары Қазандағы биылғы Универсиадада 50 метрден винтовкадан атудан командалық сында «қоланы» иеленді,
деп хабарлайды Vesti.kz.
Дәреже бойынша Олеся Снегиревич алтыншы, Юлия Морозова - 15-ші, Александра Малиновская 19-шы нәтижені көрсетті. Қорытынды бойынша қазақстандықтар 1729 ұпай жинады.
Командалық есепте Қытай 1740 балмен бірінші орынды, ресейлік құрама 1736 ұпаймен екінші орынды иеленді.