Универсиадада Атыраудың намысын қостанайлықтар қорғайды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға Атырау облысынан шорт-трек бойынша үш спортшы қатысатын болды. Олар: қостанайлық Денис Никиша, Ольга Тихонова және кореялық Ким Ён А, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Универсиадада Атыраудың намысын қостанайлықтар қорғайды

Қостанайлықтардың Атырауда жаттығып, облыстың атынан жарыстарға шығып жүргендеріне бір жылдай болған. Қазіргі кезде бұл спортшылар маусым айынан бері Астана қаласындағы заманауи технологиялармен жабдықталған «Сарыарқа» мұз айдынында жаттығуда. Денис Никиша шорт-тректен Сочиде өткен қысқы Олимпиаданың төртінші орын иегері. Жиырма бір жасар спортшының шорт-трекпен айналысқанына биыл оныншы жыл. Денис Никишаның айтуынша, бұл спорт түрі бойынша мықты қарсыластар Қытай және Корея елінен келеді. Алайда, атыраулық спортшылардың да дайындығы осал емес.

null  

- Өзіміздің елдегі жарыс болғандықтан барлық жанкүйерлердің назарында боламыз. Сондықтан қазақстандықтардың үмітін ақтауға бар күшімді саламын, - дейді спортшы қыз Ольга Тихонова. 

Шорт-трек - хоккей алаңының ішінде жарыс қашықтығын максималды жылдам бағындыруға бағытталған конькимен жылдамдыққа жүгірудің бір түрі. Мұнда спортшыларымыз жеке және эстафеталық түрде бағын сынайды. 

null  

Еске сала кетейік, күні бүгінге дейін халықаралық қысқы универсиада ойындарында қазақстандық студенттер 125 медаль еншілеген. Олардың 35 - алтын, 39 - күміс.

Ал, Универсиада-2017 қысқы ойындары ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда ең алғашқы болып өткізілгелі отыр.

null  

Ердос Қасым