Универсиадаға қатысатын ЖОО саны рекордтық көрсеткішке жетті - FISU

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2017 жылғы қысқы Универсиада қатысушы жоғарғы оқу орындарының саны жағынан рекордтық көрсеткішке жетті, деді ҚазАқпарат тілшісі Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) президенті Олег Матыциннің сөзіне сілтеме жасай отырып.

Универсиадаға қатысатын ЖОО саны рекордтық көрсеткішке жетті - FISU

«Қатысатын мемлекеттер, жоғарғы оқуы орындары және қатысушылар саны жағынан Алматыда өткелі отырған Универсиада рекорд орнатып отыр», - деді FISU президенті Олег Матыцин.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 32 ел қатысушы ретінде аккредитациядан өтті. Тағы да басқа спортшылар жарыс уақыттарында келіп тіркеуден өтеді. Жалпы, 57 ел тіркелген. 578 Университет өкілдері, 1700 спортшы, 1000 ресми тұлға қатысады»,  - деді Олег Матыцин.

Сонымен қатар, ол Алматыға келген қатысушы мемлекеттер өкілдерімен кездескенде қонақжайлылыққа көңілдері толып жатқанын айтты.

«Келіп жатқан қонақтар ұйымдастыру жұмыстарына көңілі толып жатқанын айтты кездескенімізде. Жоба сәтті өтеді деп ойлаймыз. ФИСУ үшін де бұл тағы бір тәжірибе болып отыр», - деді Олег Матыцин.