Универсиаданың басталуына 100 күн: Нұрлан Абдуллин мен Лорен спорт шарасының әнұранын орындады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы алдында 2017 жылғы 28-ші қысқы Дүниежүзілік Универсиаданың басталуына 100 күн қалғаны аталып өтіліп, спорт шарасының басты әнұраны таныстырылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Музыкалық композицияның авторы, қазақстандық сазгер, «Золотой Граммофон» сыйлығының үш дүркін жеңімпазы - Ислам Рақымжанов.
Композицияны бүгін халық алдында алғаш рет қазақстандық әншілер: Нұрлан Абдуллин мен Лорен және композияция авторы орындады.
«100 нақты қадам» Ұлт жорспарының 88-қадамын жүзеге асыру аясында аталған шараны өткізу Жалпыға бірдей еңбек Қоғамы идеясын насихаттауға бағытталған. Осылайша, Универсиада-2017 қатысатын және жоғары нәтиже көрсететін қазақстандық спортшылар, өз табыстарымен елімізді спорттағы жаңа халықаралық деңгейге алып шығады.
Еске сала кетейік, бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді. Қазіргі таңда 58 мемлекет жарысқа қатысатынын растады. Универсиадада спорттың 12 түрі бойынша 86 медальдар жиынтығы ұтысқа салынады.
Сондай-ақ, жарыстар 8 спорттық нысанда: «Алматы Арена» және «Халық Аренадан» бөлек, «Шымбұлақ», «Медеу», «Сұңқар» трамплині, Б. Шолақ атындағы Спорт сарайы, «Алатау» шаңғы-биатлон стадионы және Алматы облысындағы «Табаған» кешенінде өтеді.  
Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өтетін Универсиадаға үлкен көңіл бөледі. 2016 жылы 26 тамызда Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін марапаттау кезінде Мемлекет басшысы былай деді: «Біздің еліміз ірі халықаралық жарыстар өткізетін алаңға айналды. Келесі жылы қаңтар айының соңында басталатын студенттік спорттың салтанатты шарасына - Алматыда өтетін қысқы Универсиада 2017 ойындарына дайындық жұмыстары өз мәресіне жетті.
Қазір дайындық шараларын сапалы деңгейде аяқтау маңызды».

Президент жас спортшылар үшін бұл Универсиада 2018 жылы Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына барар жолда маңызды кезең болатынын атап өтті.

«Мен алдағы Дүниежүзілік ойындарда қысқы спорт түрлерінен қатысатын қазақстандық спортшылар Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңіс шеруін жалғастыратынына сенімдімін», - деді Президент.

null

 

Соңғы жаңалықтар