08:30, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Университет пен «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
ШЫМКЕНТ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткен «дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша университет пен «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясының арасында ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өзара ынтымақтастық мәселелері құжатты әзірлеу барысында анықталған. Олар - корпорация мен университет үшін ортақ бағыттар, дәлірек айтқанда: инновациялық технологияларды әзірлеу және оларды бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысына енгізу, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның өндірістік қызметі аясында мамандар дайындау, бірлескен оқу семинарларын, академиялық кездесулер, машықтану тәжірибелерін ұйымдастыруда анықталған. Кездесуде сондай-ақ, университет базасында мамандарды көпсатылы дайындау мәселелері, университеттің іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.