Университет түлектері мемлекеттік басқарудың не екенін де білмейді - профессор Т.Бөрібаев

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгінде жоғары оқу орнын бітірген мамандар мемлекеттік басқарудың не екенін де білмейді. ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Төлеуғали Бөрібаев осы мәселені ерекше атап өтті.
None
None

«Сол себепті біздің қазіргі жоғары оқу орындарына айтар назымыз бар. Жоғары оқуды бітірген мамандар мемлекеттік басқарудың не екенін де білмейді. Соның салдарынан олар мемлекеттік басқарудың технологиясын қайтадан игеруге мәжбүр болып жатады. Осыған байланысты «Ондай түлектер мемлекеттік қызметке жарай ма?», «Олар мемлекеттік қызметтің талаптарына сай келе ме?» деген сұрақтар туындайды. Біле білсек, бүгінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша кез келген жоғары оқу орны маман даярлау жұмысын жүргізіп келеді», - дейді Т.Бөрібаев.

Соңғы жаңалықтар