Университет ұстаздары мерейтой аясында тәжірибелерімен бөлісті - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы жалғасын табуда. Университеттің «Жұлдызды 30 күн» тақырыбындағы медиа жоспары бойынша Педагогика, Жаратылыстану және Экономикалық теория және мемлекеттік басқару факультеттері ардагер-ұстаздармен кездесіп, олардың естеліктері мен ғибратты әңгімелеріне қанықты. Оған университеттің профессор-оқытушылары , магистранттар, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты, - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Университет ұстаздары мерейтой аясында тәжірибелерімен бөлісті - Қызылорда облысы

null

Экономикалық теория және мемлекеттік басқару факультеті э.ғ.к., Асылбек Наурызбаев, Болат Тоқжолов сынды ардагерлерімен салтанатты кездесу шарасын ұйымдастырса, Жаратылыстану факультеті  п.ғ.к., профессор,  халықаралық білім академиясының корреспондент-мүшесі Күлбарам Сәдуақасқызының еңбек жолындағы естеліктерін тыңдады. Ал Педагогика факультеті «Музыкалық білім», «Кәсіптік білім беру», «Педагогика және психология» мамандықтары және  «Сыр сұлуы» ансамблінің 20 ардагер-ұстазымен кездесіп, олар кейінгі буын оқытушыларына көп жылдық тәжірибелерін бөлісті. Шара барысында студенттер ардагерлер тарапына түрлі сауалдар жолдап, еркін әңгіме алаңын құрды.

null 

Ұстаздар қауымы кездесу барысында Елбасының Ұлт жоспары -  бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамы туралы ой-пікірлерімен де бөлісті.

null 

Мысалы осы еңбектің 76-қадамында: ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді  кезең-кезеңімен енгізу жайы нақты айтылған. Сонымен бірге, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру мәселесі көтерген. Мұнан кейінгі 77-79-қадамдарда да уақыт талабымен үндесетін  білім саласы мәселелері талқыланған.

null null null null