«Университет ұжымы Елбасының Жолдауын бірауыздан қолдайды» - ҚазҰТУ ректоры

АЛМАТЫ. Наурыздың 6-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің ұжымы Елбасымыздың Жолдауын барша еліміздің халықтарымен бірге бірауыздан қолдайды.
None
None
Аталмыш оқу орнының ректоры Жексенбек Әділов бұқаралық ақпарат құралдарына таратқан ақпаратында осылай деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның дағдарыстан жаңарып шығатындығына, нығая түсетіндігіне, еліміздің өзінің өркендеу жолында жаңа биіктерге көтерілетініне сенім білдірді. Бір қуантарлық жай, Елбасы кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз ету үшін Үкіметке 140 млрд. теңге бөлуді тапсырды. Бүкіл әлемді тығырыққа тіреген дағдарыс жоғары оқу орындарында жастардың да әлеуметтік жағдайына кері әсер етпей қойған жоқ. Әрине, уақытша қиындықтарға қарамастан елімізде оқуға, білім алуға талапты жастарға мүмкіндігінше әлеуметтік жағдай жасалуда. Біздің Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің оқытушы ғалымдары мен барша ұжымы Елбасының Жолдауын бірауыздан қолдай отырып, жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге күш-жігерлерін жұмсауда. Бізде бүгінде тек күндізгі бөлімнің өзінде студенттер саны 13 мыңға жуық. Оның 9600-ден астамы мемлекеттік грантпен, 3300-і келісімшартпен ақылы негізде оқып жүр. Студенттердің әлеуметтік жағдайын ойлаған университет басшылығы бүгінге дейін ақылы негізде оқитын 162 студентке оқудың төлемақысын 10-нан 100 пайызға дейін азайтып, жеңілдік жасады. Әрине, мұндайда біз көбінесе үздік оқитын, әлеуметтік жағдайы төмен, мүгедек, көпбалалы отбасыларынан шыққан, жетім, ата-аналары мүгедек немесе зейнеткер болып табылатын отбасылардың балаларына арнайы комиссияның ұйғарымымен жеңілдік жасадық. Студенттердің осындай тобына жататындарға мемлекет тарапынан ұзақ мерзімге жеңілдетілген несие алуына мүмкіндік жасалынуы біз үшін үлкен қуаныш. Ол үшін бұл мақсатқа мемлекет тарапынан техникалық және медициналық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттерге 15 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінбекші. Студент ол қаржыны оқу бітірген соң жұмыс істеп, 20 жыл аралығында қайтарады. Мұны ?Самұрық-Қазына? қоры еліміз бойынша білім алып жатқан студенттерге беретін болып отыр. Биыл біздің университетімізге 75 жыл толады. Осы мерзім ішінде 9 мыңнан астам инженер кадрлар даярлап шығарған республикамыздағы бірден-бір техникалық оқу орнында жастарға әлеуметтік қамқорлық мәселесі алдағы уақытта да басты назарымызда болады. Біз жастарға сапалы білім берумен қатар университетіміздің шет елдермен қарым-қатынасын да ұлғайта түстік. Шетелдік және еліміздің ірі компанияларын демеушілікке тарта отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жақсы жолға қоюдамыз. Бұл орайда біздің бір қол жеткен жетістігіміз ?Шеврон? компаниясы біраз студенттерге арнайы шәкіртақы тағайындалуда. ?Шлюмберже? компаниясы университетімізге оқытушы ғалымдарымыз бен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуы үшін дүниежүзілік стандартқа сай арнайы компьютерлік сынып жабдықтап берді. Сондай-ақ бізге демеушілік қол ұшын беріп, оқу аудиториялары мен компьютерлік сыныптарды жабдықтауға ?Шеврон Мұнайгаз Инк.?, Германияның ?Фесто? компаниясы да қол ұшын беруде. Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіні: біздің университет ұжымы Елбасымыздың Жолдауын барша еліміздің халықтарымен бірге бірауыздан қолдайды деп нық сеніммен айта аламын», - дейді М.Әділов.
Соңғы жаңалықтар