Университеттер жатақхана ақысын студентттің келісімінсіз көтере алмайды - министрлік
«Жоғары оқу орнындағы үлкен мәселенің бірі – шалғай ауыл, аудандардан келген балаларды жатақханамен қамтамасыз ету. Бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргі таңда Үкіметтің берген арнайы тапсырмасы бар. Соған сәйкес, жылына қосымша 10 мың жатақхана орыны қолданысқа беріліп отыруы керек. Биылдың өзінде осы тапсырма аясында бірқатар жаңа нысан ашылып отыр», - деген министрлік өкілі жатақхана ақысын көтерудің өз тәртібі бар екенін еске салды.
«Баға саясатына келсек, жатақхана ақысы елеулі түрде өспейді. Мендегі мәлімет бойынша, өңірлердегі оқу орындарында жатақхана ақысы шамамен 10 мың теңгенің айналасында, одан көп емес. Ал жекелеген оқу орындарында баға көтерілсе, қосымша қызметтер еніп, соның құны қосылса, келісімшарт негізінде ғана баға өзгеруі мүмкін. Университет біржақты шешім ешқашан қабылдамайды. Оған талапкер немесе студент сол бағамен келісіп, қол қойғаннан кейін ғана жатақханаға орналастырылады», - деді Ержан Әмірбекұлы.
Сондай-ақ, ол кейбір Ұлттық универсиеттерде оқу ақысы неге қымбаттағанын түсіндірді.