Университеттің спорт ғимаратының шатыры құлап, бір студент қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Боливияның әкімшілік астанасы Ла-Пастағы жекеменшік университеттің спорт ғимаратының шатыры құлап, бір студент қаза тапты. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлайды.

Университеттің спорт ғимаратының шатыры құлап, бір студент қаза тапты

Сондай-ақ оқиға салдарынан сегіз студент зардап шеккен. Оларға медициналық көмек көрсетілген. Алдын ала болжамдарға қарағанда, ғимарат шатыры қатты жауған бұршақты көтере алмай, опырылып кеткен. Оқиға кезінде жастар ғимарат ішінде футбол ойнап жүрген, деп жазады ИТАР-ТАСС.