Унзила Шапақ Конституциялық Кеңес мүшесі болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Унзила Шапақ ҚР Конституциялық Кеңес мүшесі болып тағайындалды. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата спикерінің ұсынысына орай, депутаттар осындай шешім қабылдады.

Унзила Шапақ Конституциялық Кеңес мүшесі болып тағайындалды

Еске сала кетейік, бұған дейін Конституциялық Кеңес мүшесі Анар Жайылғанова «Нұр Отан» саяси партиясының қатарына өту туралы таңдау жасап, оның өкілеттігі тоқтатылған болатын.

Сонымен қатар, Конституцияға сәйкес, Парламент палаталары Конституциялық Кеңестің екі мүшесін тағайындайды. Ал Кеңес мүшелігіне кандидатты палата төрағасы ұсынады. Осыған байланысты Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңес мүшесі лауазымына Унзила Шапақтың кандидатурасын ұсынған болатын. Депутаттар бұл ұсынысты қолдады.

У. Шапақ 1973 жылы туған, жоғары заңгерлік білімі, заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі бар. 2011 жылдан бері «Қазақ Мемлекеттік Заң университеті» АҚ Жоғарғы құқық мектебінің директоры қызметін атқарып келген.