ҰОК Денис Тенге: Нағыз чемпиондық рух үшін алғысымыз шексіз!

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы қысқа бағдарламада жақсы өнер көрсеткені үшін Денис Тенге алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҰОК Денис Тенге: Нағыз чемпиондық рух үшін алғысымыз шексіз!

«Денис, саған алғысымызды айтамыз! Нағыз чемпиондық рух үшін алғысымыз шексіз!», - деп жазылған Facebook-те ҰОК-тің парақшасында.

«Биыл мен үшін өте қиын болды. Осы маусымда жарақаттан толық айыға алмадым. Десе де, ата-бабам туған мекенде Олимпиада ойындарында өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Мақтан тұтамын! Қандай қателіктерге бой алдырғанымды жақсы сезініп тұрмын. Күнде тұрғанда аяғымның жарақаты бар екенін сезіп оянамын. Сондықтан «жарақатпен жарысқа шығамын» деген ой көкейімде тұрады. Мен үшін психологиялық тұрғыдан бұл ауыр тиеді», - деді Денис Тен жарыстан кейін тілшілерге берген сұхбатында.
null 

Еске сала кетсек, бүгін Денис Тен жеке өнер көрсететін қысқа бағдарламадан 70,12 (30,77 +39,35) ұпай жинады.

Ол 30 мәнерлеп сырғанаушының ішінен төртінші болып мұз айдынға шықты. Енді, ол ертең еркін бағдарламада жарысты ары қарай жалғастыру үшін осы 30 спортшының ішінен үздік 24 орынға кіруі қажет.
null 

Фото: Изтургана Алдауева