Уолл-стрит биржадағы сауданың апталық өсімі туралы хабарлады

АСТАНА. KAZINFORM – Уолл-стрит биржасының негізгі индекстері жұма күнгі сессияны өсіммен аяқтады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі CNBC-ке сілтеме жасап. 

КАSЕ биржа бозорининг 2023 йил бўйича сарҳисоби тақдим этилди
Фото: Алина Төлеубаева/Kazinform

Dow Jones индексі жұма күні сауданы жаңа рекордпен жапты — 426,16 тармаққа немесе 1%-ға жуық көтерілді, 44 296,51-ге дейін жетіп, аптаны шамамен 2%-ға өсіммен аяқтады. Бұл тарихтағы жаңа ең жоғары деңгей болып отыр. 

S& P500 0,4%-ға көтеріліп, аптаны 5,969,34 тармақта аяқтап, жалпы 1,7% өсімді көрсетті. 

Nasdaq Composite 0,16%-ға, 19 003,65-ке дейін көтеріліп, аптаны 1,7% өсіммен аяқтады. 

Russell 2000 күткеннен асып түті: жұмада 1,8%-ға көтеріліп, апталық өсімді 4,5%-ға дейін көбейтті.

«Инвесторлар бұрынғы коммуникациялық қызметтер мен технологиялардан тұтынушылық тауарлар, өнеркәсіп пен қаржының басқа циклдік секторларына, сондай-ақ орта және шағын капиталдандыру акцияларына ауысып жатыр», — деді CFRA Research бас инвестициялық стратегі Сэм Стовалл.

Еске салсақ, бұдан бұрын әлемдік биржада мұнай бағасы арзандағаны анықталды.