«Уолл-стрит қасқыры» 2014 жылы ең көп «ұрланған» фильм атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мартин Скорсезенің «Уолл-стрит қасқыры» фильмі 2014 жылы ғаламтордан қарақшылық жолмен ең көп жүктеліп алынған фильм атанып, рекорд орнатты, деп жазады The Hollywood Reporter.
Екінші орында «Суық жүрек» мультфильмі тұр. Екі картинаны да бір жыл бойы торрент-трекер пайдаланушылары шамамен 30 миллион рет көшірген. Үшінші орында Альфонсо Куаронның «Гравитация» фантастикалық триллері тұр, ол 29,3 миллион рет жүктеліп алынған. Айта кетейік, басты рөлде Леонардо Ди Каприо ойнаған «Уолл-стрит қасқыры» фильмі есірткіні насихаттап, анайы эпизоттарды ашық көрсеткені үшін АҚШ-та сынға ұшыраған еді.