Уолт Диснейдің үйі саудаға шығарылды
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Әйгілі мультипликатор Уолт Дисней тұрған үй 3,65 миллион долларға саудаға шығарылды.
Бұл жөнінде The Los Angeles Times газетіне сілтеме жасап Лента.ру хабарлайды.
1932 жылы тұрғызылған екі қабатты жер үй Лос-Анжелестің Лос-Фелиз ауданында орналасқан. Үйдің аумағы 560 шаршы метрді құрайды. Оның төрт жатын бөлмесі, бес ванна бөлмесі, бір бильярд бөлмесі мен кинозалы бар.
Сонымен қатар жер үйде төбесі күмбезделіп келетін бір жұмыр зал, витражды терезелер мен атақты «Джульетта балконы» бар. Үйдің іргесіндегі 0,4 га жерде дала бассейні орналасқан.
Басылымның ескертуінше, Диснейдің екі қызы балалық шағын осы үйде өткізген. Сонымен қатар үй иесі өзінің голливудтік қонақтарына классикалық голливуд фильмдерін үйінде отырып-ақ көрсеткен. The Daily Mail газетінің нақтылауынша, атақты мультипликатор бұл үйде 18 жыл тұрған.
Уолт Дисней 1966 жылы 65 жасында қатерлі ісіктен қайтыс болды.