Уолтц Эр-Риядтағы Ресей-АҚШ келіссөздерін тарихи деп атады
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Сауд Арабиясына кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды ТАСС.

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолц Эр-Риядтағы Ресей-Америка келіссөздерін тарихи деп атады. Бұл туралы ол Ақ үйде журналистерге арналған брифингіде сөйлеген сөзінде айтты.
Президент Дональд Трамптың қызметіне кіріскен алғашқы айындағы жетістіктері туралы ой қозғай отырып, Уолтц АҚШ көшбасшының Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін, сондай-ақ Владимир Зеленскиймен сұхбатын тілге тиек етті.
– Әрине, біз Сауд Арабиясындағы достарымыз бен серіктестеріміздің көмегімен тарихи келіссөздер жүргіздік және бұл үшін [Сауд Арабиясының тақ мұрагері] ханзада Мұхаммед бен Салманға алғысымыз шексіз. Біз ресейліктермен ұзақ жылдар бойы алғаш рет кездесіп, бейбітшілікке апарар жол туралы сөйлестік, - деді Уолтц.
Айта кетейік, Сауд Арабиясында АҚШ пен Ресей арасында келіссөздер өтті.
Трамп Путинмен ақпанның соңына дейін кездесуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ Трамп Зеленскийді сынап тастады.