Уоррен Баффетт Berkshire Hathaway қорының басшылығындағы 50 жылдығын атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көрнекті американдық инвестор Уоррен Баффетт өзінің Berkshire Hathaway басшылығындағы 50 жылдығын инвесторларға қаражатттарды ұзақмерзімді перспективаға салуға шақырумен атап өтті, деп хабарлады РИА Новости.

Уоррен Баффетт Berkshire Hathaway қорының басшылығындағы 50 жылдығын атап өтті

«Мен нарықтың қозғалуына сенімді болжау жасау әдісін білмеймін, сондықтан да егер сіздер кемінде бес жыл ұстап тұрғыларыңыз келсе, Berkshire акцияларын сатып алуға кеңес беремін», - деп мәлімдеді 84 жастағы инвестор. Оның дәулетін Forbes журналы 74 миллиард долларға жуық қаржыға бағалап отыр.

1965 жылы негізі қаланғаннан бері Berkshire Hathaway акциялары 19 доллардан 146 мың долларға дейін - орташа есеппен жылына 20 пайызға қымбаттады. 2014 жылы ғана Баффетт өзінің дәулетіне 18 миллиард долларға жуық қосты.

Баффетт оның қоры 2014 жылы салықтардан рекордтық пайда тапақанын атап өтті - 2013 жылғы 1,6 миллиард доллармен салыстырғанда, 12,4 миллиард доллар.

Ол американдық экономиканың өсу перспективасына сеніммен қарайды. «Менің ата-анам 1930 жылы олардың ұлы көріп отырған әлем туралы армандай алмады. Сарыуайымға салынғандар Американың проблемалары үнемі айтып келе жатқанмен осы елден басқа жаққа көшіп жатқан ешкімді көрмедім», деп атап өтті ол.

Өзінің қорының болашағы туралы айта отырып, инвестор өзінің мұрагерін атаған жоқ, ондай үміткерлер бар деумен ғана шектелді.

Ол әзірше таяу уақытта жұмысты қоятыны туралы ештеңе айтқан жоқ.