ҰОС ардагері: Президентімізге ризамын
«Әрине, Елбасының мұндай сыйы мен үшін тосын болды. Шынымды айтсам, тіпті күтпеген де едім. Өйткені, бұған дейін Жаңа жыл мерекесінде арнайы келіп ешкім құттықтамайтын. Мемлекет тарабының назар аударып, сыйлық тарту етуі кез келген адамның көңілін көтеріп, шаттық сезімге бөлейтіндігі сөзсіз. Айта кетерлігі, бұл жолы менің үйіме мәртебелі қонақтар бас сұқты. Тіпті, Сарыарқа ауданы әкімінің өзі арнайы келіп құттықтады», - деді Е.Плужникова.
Сонымен қатар ол Қазақстан Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа қарттарға үнемі қамқор болып, көңіл бөліп отыратындығы үшін шынайы ризашылығын да білдірді.
«Менің біздің Президентімізге ризашылығым шексіз. Өйткені, Мемлекет басшысы еш уақытта ардагерлерді естен шығарған емес. Үнемі көмек қолын созып, қамқорлығын көрсетіп келеді», - дейді ардагер.