ҰОС ардагеріне «ІІМ құрметті ардагері» атағы берілді

1942 жылы әскерге шақырылған Г.Бондаренко сол кездегі Ленинград және Новгород облыстары үшін шайқасып, Беларусь пен Литва елдерін азат еткен сарбаздардың қатарында болды. Екі жылдан кейін сол аяғына оқ тисе де, Вильнюста қалып, 1950 жылға дейін әскери борышын өтеп жүрді. Сол үшін Георгий Жуков атындағы медалі сияқты ондаған наградалармен марапатталды.
Бүгін Ұлы Жеңістің 67 жылдығы аясында осы наградаларға тағы бір медаль қосылды. Көліктегі ІІД Астана станциясы Ішкі істер желілік басқармасының бастығы Талғат Өтетілеуов ҰОС ардагері Григорий Бондаренкоға «Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері» медалін салтанатты түрде табыс етті. Сондай-ақ, 90 жасқа таяп қалған қарияға 30 мың теңге көлеміндегі сыйақы берілді.
«Қазіргі жасыма қарамастан, мен өзімді тың сезінемін. Ойым ашық, кеудем таза. Соғыс кезінде сол аяғыма тиген оқтың жарасы болмағанда, мен әлі біраз шаруаны тындырар едім», - дейді Г.Бондаренко.