ҰОС ардагерлері мен мүгедектері пойыздарда бір ай тегін жүреді

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері пойыздарда бір ай бойы тегін жүретін болады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-дан мәлім етті.
None
None

Хабарланғандай, 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай ҰОС ардагерлері мен мүгедектері Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері аумағында темір жол көліктерінде бір ай бойы тегін жүреді.

Ардагерлер тегін билетті жеке тұлғасын растайтын куәлігін, ҰОС ардагері немесе мүгедегі туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесін ұсыну арқылы темір жол кассаларынан ала алады. Ардагерлерге орындар купе вагондардан беріледі.

ҚТЖ-ның баспасөз қызметі жолаушы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне шыққан жағдайда барып-қайту билеттерін бірден ресімдеу қажеттігін және акция «Talgo» пойызымен жүруді қарастырмайтындығын ескертті.

Қажетті ақпараттарды «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның теміржол кассалары мен тәулік бойы жұмыс істейтін «105» анықтама телефонынан алуға болады.

Соңғы жаңалықтар