ҰОС ардагерлеріне тегін кешенді медициналық қызмет көрсетілді

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне тегін кешенді медициналық қызмет көрсетті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, astana.kz сайты хабарлайды.

ҰОС ардагерлеріне тегін кешенді медициналық қызмет көрсетілді

2-3 мамырда Орталықтың жетекші дәрігер-кардиологтары Астана қаласының Есіл ауданында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері және тыл еңбеккерлеріне арнап консультация өткізді. Акция аясында ардагерлер жүрек-қан тамырлары ауруларынан кешенді түрде тексеруден өтті

«2-3 мамырда Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы мамандары әр ардагердің үйлеріне барып, олардың кешегі Отан қорғау ісінде көрсеткен ерліктері мен қаһармандықтары үшін алғыс білдіріп, аталған іс-шараға қатысу үшін шақыру берді»,- делінген хабарламада.

Қарияларға шара барысында орталықтың білікті медицина қызметкерлері бірге ілесіп жүрді. Сонымен қатар, барлық ардагерлерге ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.