ҰОС ардагерлерінің мәселелерін шешуге арналған жұмыстар қайта қарастырылады - Ардагерлер ұйымы
«Өткен жылдың соңында біз ардагерлер арасында зерттеу жүргіздік. Осының аясында қарт майдангерлерге «не қажет?» деген мәселені назарға алдық. Сонда ардагерлердің сауалнамасына қатысқандардың 25 пайызы ештеңе қажет емес екенін айтты. Олар тұрмыстары біршама жақсы, балаларының қолында және ұлттық ділімізде сай барға шүкіршілік ететін адамдар ретінде осындай жауап берді», - деді Ө. Озғанбаев.
Кеңес төрағасының сөзіне қарағанда, сауалнамаға қатысқан адамдардың үштен екісі тұрмыстық мәселелер, пәтер, баспаналарын жөндеу, сондай-ақ медициналық көмек көрсету мәселелері қажет екенін жеткізген.
«Міне, осы бағытта қоғамдық ұйымдар өкілдерімен бірлесе жұмыстарымызды қайтадан құрмақшымыз. Бүгінде елімізде негізінен ардагерлер пәтермен толық қамтамасыз етілген деп айтуға болады. Бірақ та, толық қанағаттандырылмаған енді 209 адам пәтер сұрайды. 400 адам өздері тұрып жатқан үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуді өтініп отыр. Бұл шаралардың барлығын біз Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дейін атқаруымыз керек. Бұл салада мемлекет тарапынан жақсы үлгі көрсетіліп отыр», - деді Ө. Озғанбаев.
Айта кетейік, 2015 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 5083 ардагері тұрып жатыр.