«Уральские пельмени» директоры қонақүйден өлі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екатеринбургтік «Уральские пельмени» шығармашылық бірлестігінің директоры Алексей Лютиков Екатеринбургтегі «Angelo» қонақүйінен өлі табылды, деп хабарлады сәрсенбі күні РИА Новости агенттігіне Ресей Тергеу Комитетінің Свердлов облысы бойынша тергеу басқармасы.
«Дененің қарау барысында төтенше жағдайдан криминалдық белгілер табылған жоқ. Бірақ та өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама қояды», - деп әңгімеледі ІІМ Свердлов облысы бойынша мемлекеттік басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Валерий Горелых РИА Новости агенттігіне.
Полиция мәліметтері бойынша, денені қонақүй бөлмесінен 14.10-да қызметші әйел тапқан. Есіктерде «Мазаламаңыздар» деген жазу ілінген. Оқиға орнына РТК қызметкерлері мен тергеу-жедел тобы шықты.
«Қылмыстық іздеу қызметкерлері ер адам осы бөлмеде 2 тамыздан бері тұрып жатқанын анықтады. Полиция қызметкерлері азаматтың жесірін де жедел тауып, жауап алды, ол күйеуінің жүрегі ауыратынын айтқан. Бұдан басқа бөлмеде спиртті ішімдіктер пайдалану іздері табылды», - деді агенттік сұхбаттасушысы.
«Уральские пельмени» - комедиялық жанрда жұмыс істейтін ресейлік Екатеринбургтегі шығармашылық бірлестігі. 1993 жылы КТК командасы ретінде құрылды. Ең танымал КТК командаларының бірі, 2000 жылғы КТК жоғарғы лигасының чемпионы. 2009 жылдан «Уральские пельмени» бірлестігінің СТС телеарнасында өз әзіл-оспақ шоуы, сондай-ақ басқа да жобалары бар.