Urals мұнайы 1 күнде 10 долларға арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 4 қарашада әлемдік мұнай бағасы тағы құбылды.

Urals мұнайы 1 күнде 10 долларға арзандады
Фото: Kazinform\ЖИ

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,25%-ға арзандап, барреліне 103,34 доллар болды.

Ал WTI маркалы мұнай фьючерстері 53 центке немесе 0,55%-ға төмендеп, барреліне 95,56 долларға жетті.

Ал ресейлік Urals мұнайының бағасы шамамен 10 долларға төмендеп, бір баррелі 91,03 доллар болды.

Мұнай бағасының өсуіне Таяу Шығыстағы қақтығыс та әсер етіп отыр. Соның салдарынан Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелер қозғалысы айтарлықтай қысқарған. Жағдай шиеленіскенге дейін бұл бұғаз арқылы әлемдік мұнай мен табиғи газ жеткізілімінің шамамен бестен бір бөлігі тасымалданатын.

Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИИРСК) әскери-теңіз күштерінің мәліметінше, 25 қазаннан бері Ормуз бұғазында ережені бұзған 11 танкер өртенген. Олардың кейбірі суға батқан.

Еске салайық, 3 қарашада әлемдік мұнай бағасы сәл өскен еді.