Уранға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі өзгереді

уран
Фото: Kazatomprom.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Уранға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі өзгереді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді. 

«ҚР Салық кодексінің 746-бабының 1-тармағына «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» «Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі №105-VIII өзгерістер енгізілді. Онда экономиканың тау-кен металлургия секторының жер қойнауын пайдаланушылары үшін өндірілген уранға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемелерін (ПҚӨС) 2 кезеңмен арттыруды көздейді», - делінген хабарламада.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өндірілген уран ПҚӨС мөлшері 6-дан 9 пайызға дейін артады. Бұдан әрі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жылдық өндіру көлеміне және уранның орташа өлшенген бағасына байланысты уранға сараланған ставкалар енгізіледі.

«Қазатомөнеркәсіп» уран өндіру көлемін 2017 жылғы деңгейге жеткізе алмай келетінін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum