Үрімшіде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты шаралар өтті
БЕЙЖІҢ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚХР-дың Үрімші қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында бірқатар шаралар өткізілді.
Бұл шаралардың ұйымдастырушысы ретінде Үрімші қаласындағы ҚР СІМ Төлқұжат-виза қызметі мен Шыңжаңдағы ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты. Олар: «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оған қарасты «ҚазТемір Транс» АҚ, «Кеден ТрансҚызмет» АҚ, «ҚазТрансҚызмет» АҚ-ның өкілдері және студенттік «KSAC» ұйымы. Қазақстан Тұңғыш Президенті күні қарсаңында төлқұжат-виза қызметінің өкілдері қазақстандық студенттер, магистранттар және аспиранттармен кездесу өткізді. Студенттермен кездесу барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптасу үрдісіндегі рөлі жайлы айтылды.
Тұңғыш Президент күніне орай «Көңілді тапқырлар» байқауы өткізіліп, Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен шоу-бағдарлама ұйымдастырылды.