Үрімшіде тәртіпсіздіктер қайта басталды - Синьхуа агенттігі

БЕЙЖІҢ.  Шілденің 8-і.  ҚазАқпарат -   Қытайдың Үрімші  қаласында  (Шынжаң-Ұйғыр  автономиялық өлкесінің әкімшілік  орталығы)   этносаралық    қақтығыстар  сипатына ие бола   бастаған     тәртіпсіздіктер   кеше,  шілденің 7-сі күні түстен кейін қайта жанданды. 
None
None

  Бұл туралы  оқиға  орнынан Синьхуа агенттігінің  тілшісі  хабарлауда.  Қалада  дүкендер    жабылуда.   Адамдар    қорған  іздеп      қалалық  госпитальді  сауғалап жатыр.   Үрімшінің   қытайлық тұрғындары       таяқтармен,  темір  келтектермен қарулануда.    Аудандардың  бірінде   «өздерін қорғауға» дайындалған   қытайлықтар қателесіп,  Синьхуа агенттігінің  тілшісін  тас  боранның  астына ала  жаздады.    Куәгерлердің айтуынша,       полицейлер   жиналған тобырды   көзден жас ағызатын   газдың  көмегімен   таратуға тырысып бағуда,  деп хабарлайды ҚазАқпарат  ИТАР-ТАСС агенттігіне  сілтеме  жасап.

 Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің    үкіметі   Үрімші қаласында   кешеден  бастап  коменданттық   сағат енгізу  туралы  шешім  қабылдады.    Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды.  Коменданттық сағат     жергілікті  уақыт бойынша сағат 21.00-ден   08.00-ге дейін сақталады.

 Ал  Қытай Халық Республикасының   Төрағасы Ху Цзиньтао    Үрімшідегі    тәртіпсіздіктерге байланысты,   G8  саммитіне  қатысу  аясындағы Италияға сапарын тоқтатып  отыр.  Бұл туралы   «РИА  «Новости» агенттігі   хабарлаған.  

Соңғы жаңалықтар